Торыш тастары

Торыш алқабы. Ол Маңғыстау облысының тағы бір таңғажайып жерлерінің бірі, ол өзінің диаметрі бірнеше сантиметрден 1 метрге дейн жететін шарлар кездеседі, олар көбіне шар тәрізді болғанымен оның саңырауқұлақ және жұмыртқа тәрізді түрлері де бар. Негізінен бұл ғажайып тастар қалай, неден пайда болғаны белгісіз, көбісі динозаврдың жұмыртқасы десе кейбіреуі ертеректе жауларын осылай дұға арқылы тасқа айналдырған деседі, ал ғалымдардың айтуы бойынша ол жердің өзінің бірден бір ерекше туындысы дейді, оның себебі материалдық тұрғыдан оның құрылымы әртүрлі яғни ядросы басқа материалдан ал басқа қабаттары басқа материалдардан тұратынын көре аламыз. Бұл орын серуендеуге және тамаша фотосессия жасауға таптырмас орын болып табылады, туристтердің қызығушылығын бұл ерекше тастар осылай тудырады.


Сообщить о нарушении Подробнее