Шерқала тауы

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе аулының жанында. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 95-100 км шамасында созылып жатыр. Төңкерілген кеседей қырқа палеоген дәуірінің әктасты, сазбалшықты жыныстарынан түзілген. 1851 жылғы геологиялық экспедицияның құрамында Маңғыстауда болған поляк революционері Б. Залесский: “Шерқалаға алыстан қарағанда, Римнің керемет пантеондарын, ежелгі замандардың ескерткіштерін көргендей боласың. Жақындап келгенде, жеке қабырғалардың колонналарын, қираған мүсіндер сияқты ақ таулардың бағандарын көресің”, — деп жазып, Шерқала қырқасының суретін салып алған. Бұл сурет Залесскийдің “Қырғыз даласындағы өмір” атты альбомында 1856 жылы Парижде, 1989 жылы Алматыда қазақ тілінде жарық көрді. Қырқа арабша “жолбарыс қала” деген мағынаны білдіреді.

Сообщить о нарушении Подробнее