Отпан тау

Ол 2007 жылы 25 қазанда ашылды, Адайдың бастамасыман 2004 жылы қолға алынған болатын. Алғашында байқау жарияланып оған көптеген үміткерлер қатысқан болатын. Басында тұрғызылған 12 құлыптастың ортасынан қос күмбез тұрғызылып, оны алтынпен қаптаған. Сырты мен ішіне Адай ұрпақтарв мен арыстары жайлы жазылған, қақ бетіне "Адай ата" деген сөз жазылған. Кесене және оның шығысындағы төбе басында көк бөрі мүсіні орнатылған. Казіргі таңда  тарихи-мәдени кешен Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Киелі Маңғыстауда мекен еткен 362 әулиенің рухына арналған 362 баспалдақ орналасқан.

Сообщить о нарушении Подробнее